Жаңалықтар мен оқиғалар
2019 жылдың 16 сәуірінде Ақтау теңіз портында Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша фидерлік желістің ашылу салтанатты рәсімі өтті және Баку портына контейнерлерімен жол тартатын алғашқы қазақстандық «Түркістан» кемесіне жүк тиеу жүзеге асырылды.
Бұл жобаның теңіз операторы – «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚ компаниясы. Салтанатты рәсімге «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Қазақстан темір жолы» ҰК басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, көліктік-логистикалық компаниялардың басшылары және Транскаспий бағытындағы қызметті пайдаланатын жөнелтушілер қатысты.
Фидерлық кемелер апта сайын қатынап тұратын болады. Транскаспий маршруты аймақтағы еуразиялық көлік тамырларының негізгі түйіні болып табылады және Қазақстандағы транзиттік дәліздерді толықтырады. Бұл Қытай мен Қазақстаннан Кавказ елдеріне, Түркияға тікелей шығу.
Тұрақты фидер желісі Транскаспий халықаралық көлік маршруты мен Каспий аймағындағы жүктерді контейнерлендіруді дамытуға көмектеседі.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев атап өткендей, атаулы маршрут «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес ашылып отыр. Оның басты мақсаты – Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту үшін тиімді инфрақұрылымды салу және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету болып табылады. «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы халықаралық мультимодальды жүктерді жетілдіру арқылы осы үдеріске белсенді түрде қатысуда.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК фидерлік желісінің операторы болып анықталды. Компанияның бірінші санатты Мемлекеттік лицензиясы, қазіргі заманғы сауда флоты бар және тәжірибелі де білікті мамандармен қамтылған. Фидерлік маршрутта «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес сатып алынған жаңа флот қолданылатын болады. Бұл тасымалдауды орындау қауіпсіздік бойынша Халықаралық және Ұлттық талаптарға сәйкес жүзеге асрылатын болады.