«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (бұдан әрі - ҚТКФ) Интеграцияланған Басқару Жүйесі (ИБЖ) енгізілген және тиімді жұмыс істейді.
ҚТКФ басқару жүйесі келесі халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келеді:
- ISO 9001 «Сапа менеджменті жүйелері»
- ISO 45001 «Кәсіби денсаулық және қауіпсіздік менеджменті жүйелері»
- ISO 14001 «Экологиялық менеджмент жүйелері»
ISO стандарттарында басқарудың үздік тәжірибелері мен қағидаттары жинақталған, мысалы, тәуекелге бағдарланған ойлау және процестік тәсіл. Оларды қабылдау КМТФ үшін стратегиялық шешім болып табылады.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының интеграцияланған басқару жүйесі саясаты
Бас директордың (Басқарма Төрағасының) тарапынан әзірленіп, бекітілген бұл саясат Компанияның сапа менеджменті, еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау және кемелерді қауіпсіз пайдалану салаларындағы стратегиялық мақсаттары мен міндеттемелерін көрсетеді. Біздің саясат ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 халықаралық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ ISM кодексіне (Халықаралық қауіпсіздікті басқару кодексі) сәйкес келеді және Компанияның кеме бортында да, құрлықтағы қызметтерінде де қолданылады.
Саясат Компанияның барлық шешімдері, процестері мен бастамаларының негізін құрайды және орнықты дамуға, халықаралық талаптарды сақтауға, серіктестер мен клиенттердің сенімін арттыруға бағытталған.
Сертификаттау
ҚТКФ процестерінің жетілуін бағалау, верификациялау және компанияның үздік халықаралық тәжірибелер талаптарына сәйкестігін растау жыл сайын арнайы аккредитациясы бар тәуелсіз сертификаттау органы өткізетін сыртқы аудит аясында жүргізіледі.
Қазіргі уақытта ИБЖ сертификаттау саласы және сертификатталған аймақтар тізімі ИБЖ сәйкестік сертификаттарында көрсетілген.