«Қазактеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС жастар саясаты 2015 жылдың желтоқсанында Қоғамның Директорлар кеңесімен бекітілген.
КМТФ жастар саясаты жас мамандардың кәсіби, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Жеке және кәсіби өсу үшін жыл сайын келесідей іс-шаралар ұйымдастырылады:
- көшбасшылық және іскерлік қасиеттерді дамытуға арналған тренингтер;
- басқа кәсіпорындарда тағылымдамадан өту;
- ішкі және салалық іс-шараларға қатысу:
- ғылыми-техникалық конкурстар;
- конференциялар, форумдар;
- спорттық жарыстар;
- қайырымдылық акциялар;
- патриоттық кездесулер.
КМТФ-тің жас мамандары компания өміріне белсенді араласып, оның дамуы мен әлеуметтік маңыздылығын нығайтуда.