Жаңалықтар мен оқиғалар
8-11 мамыр аралығында Баку қаласында Әлемдік конференция - порттар көрмесі өтуде (World Ports Conference 2018).
Шараға 400-ден астам өкілдер қатысуда: халықаралық порттар, бизнес-қоғамдастықтар, айтарлықтай порттық қуаттылығы бар АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан, Индонезия, Филиппины, Жапония, Германия, Франция, Испания секілді 65 әлемдік мемлекеттің ірі кеме қатынастары мен логистикалық компаниялары.
Шараға қатысушылар Ұлы Жібек жолы бойындағы жүк тасымалы, көлік торабын дамыту және порттардың бұл мәселедегі ролі, сонымен қатар мультикультурализм, жаhандық логистикадағы мәдени айырмашылық, еркін сауда аймағының жұмысы, олардың арасындағы бәсекелестік және тағы да басқа тақырыптарды талдауда. Шараға Бас директоры Марат Көшкінбайұлы Орманов бастаған «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС делегациясы да қатысуда.
Конференция аясында бірнеше құжаттарға қол қойылды. Солардың бірі - «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» Халықаралық ассоциациясы» заңды тұлғалар Бірлестігіне енуі!
2013 жылы 7 қарашада Астана қаласында «Жаңа Жібек Жолы» ІІ Халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы аясында «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ, «Грузия темір жолы» АҚ басшылары Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту жөніндегі Үйлестіру комитетін құру жөніндегі Келісімге қол қойған болатын. 2016 жылдың желтоқсанында Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту жөніндегі Үйлестіру комитетінің қатысушылары – Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия - «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» Халықаралық ассоциациясын құру жөнінде шешім қабылдады.
«ТХКМ» Халықаралық ассоциациясы бүгін - тарихи Ұлы Жібек Жолы бойындағы маршрутты қайта жаңғырта отырып, бірнеше елдер мен компаниялардың мүдделерін біріктіретін және қорғайтын ұйым. Ол қажетті ақпараттық қолдаумен қамтамасыз ете отырып, Азиядан Еуропаға және кері бағыттағы жүктерді тасу процесіндегі барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасын үйлестіреді.