ҚТКФ ұжымы көмекке зәру болған адамдарға көмек көрсетті
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚТКФ ұжымы көмекке зәру болған адамдарға көмек көрсетті

ҚТКФ ұжымы көмекке зәру болған адамдарға көмек көрсетті

| Жаңалықтар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС атына көмекке зәру болған бірнеше азаматтардан өтініш келіп түсті.


Осы орайда Компанияның қызметкерлері арасында ақшалай қаражат жиналып, ол мына мақсаттарға бағытталды:

Дилатациондық кардиомиопатия науқасына шалдыққан  2-ші топтағы мүгедек Асылан Сәйтеновке аталмыш науқасына сәйкес ем алуын ұйымдастыру үшін материалдық көмек көрсетілді (ұялы тел.: 8 771 5816067)

Дилатациондық кардиомиопатия науқасына шалдыққан  1-ші топтағы мүгедек Амангелді Қосаевқа аталмыш науқасына сәйкес ем алуын ұйымдастыру үшін материалдық көмек көрсетілді (ұялы тел.: 8 705 2895476)

Елеулі материалдық қиындық көріп отырған, мына мекен-жайы бойынша тұратын: 1-10-4  көп балалы ана Жаннат Тұрсынғалиеваға коммуналдық қызметтер бойынша берешек төлемақысын жүргізуге материалдық көмек көрсетілді  (ұялы тел.: 8 778 6499315)

Қазіргі уақытта елеулі материалдық қиындық көріп  отырған  үш баланың анасы   Айгүл  Амантұрлиеваға тіршілігі үшін қажетті ең басты деген азық-түлік  түрлері  сатып     алынды (ұялы тел.: 8 778 5610777)

Құрметті әріптестер! Көмекке зәру болған азаматтарға танытқан қайырымдылық пен тілектестігіңіз үшін алғысымыз мол! Қосымша көмек көрсетем деушілерге жоғарыда көрсетілген телефондар бойынша хабарласуға болады.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz