ҚТКФ Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық бастамаларын қолдайды
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚТКФ Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық бастамаларын қолдайды

ҚТКФ Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық бастамаларын қолдайды

| Жаңалықтар

"Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК " ЖШС (ҚТКФ) Қазақстанның ұлттық теңіз тасымалдаушысы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың елдің транзиттік-транспорттық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған стратегиялық бастамаларын толық қолдайды.


Мемлекет басшысының «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында логистика саласындағы маңызды инфрақұрылымдық жобалар атап өтілді. Бұл жобалар көлік дәліздерінің өткізу қабілетін бірнеше есе арттыруға ықпал етеді, нәтижесінде контейнерлік пойыздардың жылдамдығы айтарлықтай өсуі күтілуде. Бұл Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТКХМ) дамытуындағы рөлін нығайту мақсатына сәйкес келеді.

ҚТКФ Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларын қолдай отырып, Қазақстанның логистикалық жүйесін, соның ішінде теңіз саласын дамытуға өз үлесін қосуда. Қазіргі уақытта ҚТКФ Біріккен Араб Әмірліктеріндегі серіктесі – AD Ports Group компаниясымен бірлесіп заманауи контейнер кемелерін салу жобасын пысықтауда. Бұл кемелер ТКХМ-ның теңіз бөлігіндегі өткізу қабілетін арттырып, Қытайдан Еуропаға және кері бағыттағы контейнерлер көлемін тасымалдауды көбейтуге мүмкіндік береді.

Бұл шаралар Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі орнын нығайтып, елдің жаһандық транспорттық-логистикалық жүйеге интеграциясын күшейтеді. ҚТКФ теңіз флотын белсенді түрде дамытып, Қазақстанның халықаралық аренадағы экономикалық өсімі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесін қосуда.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz