ҚТКФ Бас директоры М.К. Орманов ТХКМ дамыту жөніндегі жұмыс тобының кеңес отырыстарына қатысты
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚТКФ Бас директоры М.К. Орманов ТХКМ дамыту жөніндегі жұмыс тобының кеңес отырыстарына қатысты

ҚТКФ Бас директоры М.К. Орманов ТХКМ дамыту жөніндегі жұмыс тобының кеңес отырыстарына қатысты

| Жаңалықтар

2019 жылғы 11-12 ақпанында Ақтау қаласында Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Украина елдерінің жүк тасымалдау қызметтері мен теміржол жүк тасымалдаушы қызметтерінің басшыларының қатысуымен Транскаспийлік халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ) дамыту жөніндегі жұмысшы тобы мен Каспий теңізіндегі жүк таситын кемелерде контейнерлерді тасымалдауды ұйымдастыру мәселелерін қарау жөніндегі сарапшылардың кеңестері өтті.


Осы кездесулердің жұмысына «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры М.М. Орманов қатысты.

Кеңес барысында контейнерлерді ТХЖМ маршруты бойынша үздіксіз тасымалдау үшін жеткілікті жалғаушы (фитинговые) платформалармен қамтамасыз ету және оларды басқару механизмін құру, соның ішінде жалғаушы платформаларды пайдалану ақысы, Каспий теңізі арқылы контейнерлік тасымалдауды одан әрі жетілдіру және т.б. мәселелер қарастырылды.

Кеңестер соңында ұсыныстар мен шаралар ескеріле отырып хаттамаларға қол қойылды.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz