Жаңалықтар мен оқиғалар
Бас директор А.Оржанов басқарған «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК делегациясы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары К. Нүркеновтің басшылық етуімен теңіз көлігінде қауіпсіздік мәселелері жөнінде өткізілген кеңеске қатысты.
Отырыс «Каспий порттары және кеме қатынасы – 2021» ІІ халықаралық конференция шеңберінде өткізілді. Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Шекаралық қызметі, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС, Құрық пен Ақтау порттары, Қазақстан Республикасы Теңіз әкімшілігі порттары, Кеме иелері және теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығы, Ресей теңіз кеме тіркелімі өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теңіз кемелері мен порттық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Каспий теңізі қазақстандық секторының гидрографиялық қамтамасыздығы, теңіз навигациялық карталарын жаңарту, сондай-ақ кемелердегі кеме жүзушілерге жедел хабарлама беру бойынша мамандандырылған жүйелерді құру мәселелері талқыға салынды.
Сонымен қатар, отырыс қатысушылары мемлекеттік шекараны кесіп өту, теңіз кемелерін және шағын көлемді кемелерді тіркеу, теңіз кемелерінің экипаждарына диплом беру, кемелерде жүккөтеру тетіктерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты ҚР нормативтік-құқықтық актілерін жақсарту бойынша мәселелерді кеңінен талқылады.
ҚТКФ Бас директоры А.Оржанов өз баяндамасында экипаждар мүшелерінің кәсіби дипломдарын растауға, жүккөтеру тетіктерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына, кемелерді халықаралық кеме тізімінде тіркеуге, Қазақстан Ресубликасының мемлекеттік шекарасын отандық және шетелдік кемелердің бірнеше қайтара кесіп өтуі жағдайында өтінімдерді пысықтау мерзімін қысқартуға, Баутин портында кезекші мұзжарғышты қолданысқа енгізуге, гидрографиялық қамтамасыздыққа қатысты проблема тудырып отырған мәселелерге баса назар аударып, осы мәселелердің оң шешімін табу бойынша нақтылы ұсыныстарын енгізді.