Жаңалықтар мен оқиғалар
Ағымдағы жылғы қыркүйектің 9-ы күні Баку қаласында (Әзірбайжан) Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үкіметаралық комиссияның 17-ші отырысы өтті.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі бастаған қазақстандық делегацияның құрамында отырыс жұмысына «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры Айдар Есенжанұлы Оржанов қатысты.
Отырыста сауда-экономикалық, энергетикалық, көлік, логистикалық, өнеркәсіп және ақпараттық-коммуникациялық салалардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігінің ағымдағы жай-күйі туралы мәселелер пысықталды. Өзара ынтымақтастық аясын кеңейту бойынша кейінгі қадамдар талқыланып, тиісінше салаларда ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін нақтылы бағыттар бойынша бірлесе алынуға тиіс шаралар айқындалды.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі, комиссияның тең төрағасы Б.Сұлтанов екі елдің арасында тауарайналым бойынша деректер қалыптасқан ынтымақтастық әлеуетінің қолданылуын ұлғайту перспективаларын растай отырып, Қазақстанның Әзірбайжан экономикасына қажет болған тауарлар жеткізілімін неғұрлым қысқа мерзімде ұлғайтуға және көліктік-логистикалық сауда тізбегін қайта құрылымдау тиімділігі туралы атап өтті.
Б.Сұлтанов болжаммен 2028 жылы бүкіл әлем бойынша сауда ағындарының көлемі 45%-ға, ал логистиканың негізгі бөлігі жер үсті көлігіне шақ келіп отырғанын және осы орайда маңызды міндеттердің бірі – Транскаспий халықаралық көлік дәлізін әлемдік жабдықтау жүйесіне дұрыс біріктіру қажет болатындығына назар аударды.