Жаңалықтар мен оқиғалар
Осыдан 20 жыл бұрын, 1998 жылдың 4 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1239 қаулысымен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы құрылды.
Өзінің 20 жылдық тарихы барысында ҚТКФ үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде ҚТКФ - теңіздегі жүк тасымалының қауіпсіздігі мен сапасы бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ұлттық теңіз тасымалдаушы.
Компания Қазақстан Республикасындағы ең ірі және ең заманауи флотқа - танкерлер, сүйреткіштер, сондай-ақ әртүрлі мақсаттарға арналған үлкен жүк пен баржаларды тасымалдауға арналған кемелерге ие.
Бүгін, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының құрылғанына 20 жыл толуына орай мерейтойлық акция - «Ашық есіктер күні» өтті. Қазақтеңізкөлікфлотында қонақта Ақтау қаласындағы орта мектептердің жоғары сынып оқушылары болды.
Оқушылар үшін ҚТКФ тарихы туралы фотокөрме, Компанияның мұражайына саяхат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар Компания туралы деректі фильмдерді, фотокөрмені тамашалады. Қазақтеңізкөлікфлотының Жастар кеңесінің мүшелері мекеменің өндірістік қызметі мен теңіз сауда кемелері, ҚТКФ қатысып жүрген жобалар, «Қазақстандық мамандарды дайындау бағдарламасы», қызықты теңіз дәстүрлері жөнінде баяндады.
Саяхат соңында оқушыларға Қазақтеңізкөлікфлотыны атынан ескерткіш сыйлықтар мен ҚТКФ тарихы туралы кітаптар табысталды.