Жаңалықтар мен оқиғалар
2024 жылдың мамыр-қараша айлары аралығында персоналды басқару бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Габдуллин Ерқанат Ермекұлы мен бөлімнің аға маманы Жаңбырова Эльмира Амантайқызы Samruk Business Academy ұйымдастырған HR School модульдік бағдарламасына қатысты.
Бағдарлама аясында қатысушылар өз жобаларын қорғап, нәтижесінде, Габдуллин Е. «Қызметкерлердің жеке істерін цифрландыру» жобасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үздік HR бастамаларының қатарына енді. Жоба HR-процестерді оңтайландыруға және қызметкерлер деректерін басқару тиімділігін арттыруға бағытталған.
22 қараша күні «Самұрық-Қазына» АҚ ғимаратында бағдарламаны сәтті аяқтаған түлектерді марапаттау рәсімі өтті. Әріптестерімізді құттықтай отырып, болашақтағы кәсіби жетістіктеріне табыс тілейміз!