Жаңалықтар мен оқиғалар
2023 жылғы қыркүйектің 16-ы күні «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС өз меншігіндегі «Ембі», «Талас» және «Ырғыз» үш сүйреткішін «AD Ports Group» компаниясының еншілес ұйымы болып табылатын OFCO компаниясына бербоут-чартерге берді.
Қазіргі таңда, осы сүйреткіштер Парсы шығанағында әлемнің ірі мұнай компанияларының, соның ішінде «Saudi Aramco» компаниясының объектілерінде белсенді пайдаланылуда.
1933 жылы құрылған «Saudi Aramco» компаниясы, бүгінде, әлем бойынша мұнай қорының елеулі үлесін құрайтын, 260 миллиард баррельге жуық мұнай қорының кен орындарын бақылайтын мұнай-газ саласында көшбасшы компаниялардың бірі ретінде танылды.
«Ырғыз» сүйреткішінің «Saudi Aramco» компаниясының объектісінде теңіз операцияларын жүргізу бойынша жұмыстарға тартылуы «Қазақтеңізкөлікфлоты» флотының жоғары халықаралық талаптарға сәйкес болуының айғағы.
Аса ірі жобаларға қатысу кемелердің қатаң талаптарға сәйкес болуын талап ететіні сөзсіз. Осы орайда, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС белгіленген талаптарға толықтай сәйкес болуды қамтамасыз етеді. Біз осы ынтымақтастығымыз серіктестік қатынастарды одан әрі дамыту бағытында алынған маңызды қадам деп санай отырып, алдағы уақытта ынтымақтастығымыз бекемдей түседі деген сенімдеміз.