«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бизнес-жоспарлау және корпоративтік қаржыландыру қызметінің басшысы Гауһар Көбегенқызы Садықова 2023 жылы «Мұнай өнеркәсібіндегі ТОП-30 көшбасшы әйелдер» тізіміне енгізілді
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бизнес-жоспарлау және корпоративтік қаржыландыру қызметінің басшысы Гауһар Көбегенқызы Садықова 2023 жылы «Мұнай өнеркәсібіндегі ТОП-30 көшбасшы әйелдер» тізіміне енгізілді

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бизнес-жоспарлау және корпоративтік қаржыландыру қызметінің басшысы Гауһар Көбегенқызы Садықова 2023 жылы «Мұнай өнеркәсібіндегі ТОП-30 көшбасшы әйелдер» тізіміне енгізілді

| Жаңалықтар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бизнес-жоспарлау және корпоративтік қаржыландыру қызметінің басшысы Гауһар Көбегенқызы Садықова 2023 жылы «Мұнай өнеркәсібіндегі ТОП-30  көшбасшы әйелдер» тізіміне енгізілді.


Petrocouncil  (https://petrocouncil.kz/) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызда «Мұнай өнеркәсібіндегі ТОП-30  көшбасшы әйелдер» жыл сайынғы тізімін жариялады, оған Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуда сүбелі үлес қосқан Қазақстанның өндірістік кәсіпорындарының, мұнай мен газ жоғары оқу орындарының, мемлекеттік органдардың өкілдері, техникалық (өндіріс) қызметкерлерлер, сондай-ақ  корпоративтік сектордың қызметкерлері енгізілді.  

Осы тізімге енгізілген Гауһар Көбегенқызы Садықованың еңбек жолы 2006 жылғы наурыздан бастап ҚТКФ компаниясынан басталды. Гауһар Көбегенқызы М.Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және коммуникациялар академиясын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша тәмамдап, бүгінде теңіз саласында 17 жыл жұмыс тәжірибесіне ие қызмет басшысы болып табылады.

ҚТКФ еңбек еткен жылдары Г.К. Садықова өзін жауапты әрі кәсіби деңгейі жоғары маман ретінде танытқан, компанияның және ЕТҰ қаржы-экономикалық үлгілерін әзірлеуге қатысқан және ағылшын тілін еркін меңгерген қызметкерлердің бірі.

Қызмет басшысы болып жұмыс жасаған жылдары Гауһар Садықова:

  • ҚТКФ инвестициялық жобалары бойынша қаржы-экономикалық үлгілерін әзірлеуге;
  • ТШО БКЖ үшін 3 сүйреткіш жөніндегі жобаны қаржыландыру бойынша   «Al Hilal» Ислам Банк» АҚ  жүргізілген жұмыстарға;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еуробондтарының шығарылымы жөніндегі материалдарды әзірлеуге;
  • қазынашылық операцияларды автоматтандыру;
  • «Салмағы 8000 тонналық екі мұнай танкерін сатып алу» инвестициялық жобасын әзірлеуге белсенді қатысты.

Әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып, оның кәсіби деңгейін одан әрі арттыруда жетістіктер мен еңбекте табыстардың мол болуына және өз алдына белгілеген мақсаттарға қол жеткізуіне тілектеспіз!


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz