«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығымен берлесе отырып РФ Астрахань облысы губернаторының қатысуымен өткізілген ресми басқосуға қатысты
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығымен берлесе отырып РФ Астрахань облысы губернаторының қатысуымен өткізілген ресми басқосуға қатысты

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығымен берлесе отырып РФ Астрахань облысы губернаторының қатысуымен өткізілген ресми басқосуға қатысты

| Жаңалықтар

Ағымдағы жылғы шілденің 26-ы күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқармасының төрағасы Алик Айдарбаев және «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС  (бұдан әрі - ҚТКФ) Бас директоры Айдар Оржанов Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен өткізілген басқосуға қатысты.


Басқосу барысында көліктік-логистикалық, мұнай мен газ және кеме жасау салаларында ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

Айдар Оржанов Ресей кеме жасау кәсіпорындарында ҚТКФ Каспий теңізінің порттары арасында мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау үшін жүккөтерімдігі 13 мың тоннаға дейін жіктелімде 6 танкердің, сондай-ақ жүккөтерімдігі 3,5 тоннаға дейін 8 баржа-алаңның кеме жасауы жүзеге асырылып, олар Қашаған кен орнын игеру кезінде жасанды аралдардың құрылысын салуға тартылғанын хабарлады. Бұдан басқа ҚТКФ осы кемелерге Ресейде, соның ішінде Астрахань облысының кеме жөндеу кәсіпорындарында ағымдағы жөндеуді және мерзімді докқа қоюды жүзеге асырып отыруда. 

Астрахань облысының басшысы бүгінде Астрахань кеме жасау саласындағы кәсіпорындар өздігінен көтеретін бұрғылау қондырғыларын, жергілікті теңіз платформаларын, сондай-ақ кез келген жіктелімде және әрқилы мақсаттарда көзделген кемелердің, соның ішінде паромдардың, құрғақ жүктер мен контейнерлерді таситын кемелердің, сондай-ақ жерснарядтар мен жолаушыларды таситын шағын көлемді кемелердің кеме жасауын жүзеге асыру жағдайына қол жеткізіп отырғанын хабарлады.

Басқосу қорытындылары бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейтіп, нығайтуға бағытталған құжаттарға жақын арада қол қою мүмкіндігін пысықтау туралы уағдаластыққа келді.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz