«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Алматы қаласында Көлік аптасы шеңберінде өткізілген бизнес-форумқа қатысты
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Алматы қаласында Көлік аптасы шеңберінде өткізілген бизнес-форумқа қатысты

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Алматы қаласында Көлік аптасы шеңберінде өткізілген бизнес-форумқа қатысты

| Жаңалықтар

Ағымдағы жылғы қыркүйектің 20-ынан 22-іне дейін Қазақстанда Көлік аптасы шеңберінде «NEW SILK WAY» бесінші халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы, сондай-ақ «Көлік және логистика» қазақстандық халықаралық көрмесі өтті.


Бизнес-форум жұмысына ҚТКФ қызметкерлер қатысты және Бас директор А.Е. Оржанов «Теңіз логистикасы – жеткізілім тізбегін дамыту қозғаушысы» тақырыбында баяндама жасады.

Басқарма төрағасы А.Е. Оржанов жүк тасымалының нарығында орын алған қарқынды өзгерістерге орай Ақтау порты арқылы Транскаспий халықаралық көлік маршрутына назар аударылып отырғанын атап өтті. Форум барысында  транскаспий маршрутын күшейтуге бағытталған транзиттік дәліздің қатарға қосылып, оның жұмысында «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының маңызды мәні туралы айтылды.   

«ҚТКФ негізгі қызметі әуел бастан және кейінгі уақытта мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау болып табылады. Бүгінде жаһандық геосаяси өзгерістерге байланысты оңтүстік маршрутты қоса алғанда тасымалдаудың баламалы бағыттарын қажетсіну жағдайы аса сезінуде.  ҚТКФ Каспий теңізі мен Ашық теңіздерде көптеген жылдар бойы жинаған іс-тәжірибесі, ұлттық теңіз тасымалдаушысы ретінде әлеуеті оны әлемдік нарықта лайықты орнын алған  компания  тұрғыдан танытты. Осы орайда ҚТКФ мұнайды ауыстырып тиеудің қосымша көлемдерін қамтамасыз ететін қосымша танкерлердің кеме жасауын жүргізіп, оларды сатып алуды жоспарлауда» - деп атап өтті А.Е.Оржанов.

Бизнес-форум қатысушылары жаңа үрдіс пен оның трансконтиненталды әлемдік, еуропалық және азия елдерінің нарығына тигізетін әсері, халықаралық көлік дәліздерін дамытуда мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту рөлі, мемлекеттік көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуда инновациялық шешімдерді қолданысқа енгізу мәселелерін кеңінен талқылады.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz