«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Ақтау-Баку бағыты бойынша мұнай тасымалын қайта жалғастырды
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Ақтау-Баку бағыты бойынша мұнай тасымалын қайта жалғастырды

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Ақтау-Баку бағыты бойынша мұнай тасымалын қайта жалғастырды

| Жаңалықтар

«Ақтау» танкері тенгиз мұнайының тасымалын жүзеге  асыру мақсатында 2023 жылғы сәуірдің 7-інен бастап 8 жылдан соң Баку порты бағыты бойынша алғашқы рейске шықты.


2022 жылғы шілдеде Елбасы мұнай тасымалдаудың баламалы маршруттарын дамыту бойынша тапсырма берді. Осы тапсырманы орындау мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Каспий теңізі және «Баку - Тбилиси – Джейхан» мұнай құбыры  арқылы жыл сайын 1,5 млн тоннадан кейінгі уақытта 5 млн тоннаға дейін  ұлғаюы жоспарланып отырған мұнай транзитінің көлеміне «SOCAR» Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясымен Бас келісім жасасты. Мұнай тиелімін Тенгиз және Қашаған кен орындарынан жүргізу жоспарлануда. Осы Келісім шеңберінде тасымалданатын транзиттік мұнайдың кем дегенде 50 %-ы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС меншігіндегі танкерлермен тасымалданбақшы.

Осымен бірге, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Транскаспий маршрутының аясын кеңейту шеңберінде салмағы 8000 тонналық су жаңа 2 танкерді теңіз операцияларына қосымша пайдалануды жоспарлауда.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz