Жаңалықтар мен оқиғалар
2002 жылдан бастап «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК (бұдан әрі - ҚТКФ) Алматы мен Ақтау қалаларында тұратын теңізші-ардагерлерді, Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін өз қамқорлығына алған.
2002 жылы ҚТКФ қамқорлығына алған ардагерлердің саны 77 болды, өкінішке орай, бүгінде олардың саны 8-ге азайды.
Компания 18 жыл бойы тұрақты түрде әртүрлі іс-шаралар жүргізіп келеді: ардагерлердің мекен-жайына бару және оларға қолдау көрсету, дәрі-дәрмектер мен азық-түлік сатып алуға көмектесу, мерекелермен құттықтау, ҚТКФ мерекелік шараларына құрметті қонақ ретінде қатыстыру және т.б.
2018 жылдың соңында - Жаңа 2019 қарсаңында ҚТКФ ұжымы Алматы мен Ақтау қалаларында ҚТКФ қамқорлығындағы барлық ардагерлеріне сыйлық ретінде ҰОС тақырыбына арналған «Ardager.kz» журналына жылдық жазылым ұйымдастырды.
Биылғы жылы да дәстүр бойынша ҰОС Жеңіс күніне орай шаралар аясында біздің компаниямыздың қамқорлығындағы ҰОС және тыл ардагерлерін құттықтау жалғасуда. Алматы қаласындағы ардагерлерді Компанияның басшылығы мен ұжымы атынан Бас директордың Кеңесшісі Динара Жұмашева арнайы құттықтаса, Ақтау қаласындағы ардагерлерді құттықтау құрметі ҚТКФ-ның Жас мамандар кеңесіне тапсырылды. Ардагерлерге арнайы ҚТКФ Бас директоры Марат Ормановтың құттықтау адресаты мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.