Жаңалықтар мен оқиғалар
2018 жылдың 1-3 қазаны аралығында Түркменбашы қаласындағы «Аваза» курорттық аймағының конгресс-орталығында HEAVY CASPIAN: TURKMENISTAN І Халықаралық конференциясы өтті.
Конференция Каспий теңізіндегі ауырсалмақты және жобалық жүктерді жеткізу, монтаждау мәселелеріне арналды. Шараға Еуропалық кеңес, ТМД, Орталық Азия және басқа да елдердің 100 астам сауда және көліктік-логистикалық компанияларының өкілдері қатысты.
Конференция барысында логистика мәселелері, соның ішінде:
- жобалық жүктерді қабылдаудағы Түркменбашы портының мүмкіндіктері;
- автокөлік және теміржол инфрақұрылымының жағдайы;
- Түркменістанға жобалық жүктерді жеткізу тәжірибесі талқыланды.
Атаулы конференцияда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚ «Теңізшевройлдың» Болашақты Кеңейту Жобасына қатысу, өлшемсіз жүктерді тасымалдау тәжірибесі, құралдарды Атырау мұнай өңдеу зауытына дейін тасымалдау, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі құтқару жұмыстары және басқа да мәселелерді қамтыған баяндама ұсынды.
Оған қоса ҚТКФ Каспий теңізінде контейнерлерді халықаралық тасымалдау бойынша жоспарланып отырған жұмыстарын да назарға ұсынды. Атаулы конференцияға қатысушылар Қазақтеңізкөлікфлотының даму қарқынын ерекше атап өтті.