Қазақтеңізкөлікфлоты қызметкері "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медалімен марапатталды
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

Қазақтеңізкөлікфлоты қызметкері "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медалімен марапатталды

Қазақтеңізкөлікфлоты қызметкері "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медалімен марапатталды

| Жаңалықтар

2024 жылғы 4 қыркүйекте "Қазақтеңізкөлікфлоты "ҰТКҚК" ЖШС бизнесті дамыту қызметінің басшысы Медина Тұрлан Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан мемлекеттік наградаға ие болды.


Кәсіби қызметтегі елеулі жетістіктері және елдің дамуына қосқан зор үлесі үшін берілетін "Ерен еңбегі үшін" медалі Медина Тұрланның қазақстандық теңіз көлігі мен мұнай индустриясын дамытуға қосқан көп жылдық еңбегі мен үлесін айқындады."Қазақтеңізкөлікфлот" компаниясында жұмыс істеген 17 жылдан астам уақыт ішінде ол ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының дамуына елеулі үлес қосты.

"Қазақтеңізкөлікфлоты" ұжымы Медина Тұрланды осы жоғары мойындауымен шын жүректен құттықтайды және оның кәсібилігі мен мақсаттылығы компанияның барлық қызметкерлері үшін шабыт көзі болып қала беретініне сенім білдіреді.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz