Жаңалықтар мен оқиғалар
Премьер-Министр Олжас Бектеновтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында "Қазақтеңізкөлікфлоты "ҰТКҚК" ЖШС Бас директоры Айдар Оржанов Ұлттық теңіз тасымалдаушысының қызметі туралы баяндады.
А. Оржанов ағымдағы теңіз тасымалдарының мәртебесін және ҚТКФ кеме қатынасын дамыту жөніндегі жоспарларын айтты. Іссапар барысында танкерлер, контейнерлік кемелер мен паромдар салуды қоса алғанда, отандық флотты кеңейту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, флоттың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін Қазақстанда кеме жасау қуаттарын дамыту жоспарлары айтылды.
Жобалар мұнай тасымалдарына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға және 2027 жылға дейін іске асырыла отырып, халықаралық маршруттар бойынша жүк ағынын ұлғайтуға бағытталған.