Қазақтеңізкөлікфлоты «Энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығының қазіргі заманғы бейнесі» KAZENERGY Әйелдердің энергетикалық клубының Форумына қатысты
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

Қазақтеңізкөлікфлоты «Энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығының қазіргі заманғы бейнесі» KAZENERGY Әйелдердің энергетикалық клубының Форумына қатысты

Қазақтеңізкөлікфлоты «Энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығының қазіргі заманғы бейнесі» KAZENERGY Әйелдердің энергетикалық клубының Форумына қатысты

| Жаңалықтар

Энергетика және мұнай-газ саласындағы әйелдер қауымының рөлі «Энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығының қазіргі заманғы бейнесі» тақырыбындағы KAZENERGY Әйелдердің энергетикалық клубының IV Форумында талқылануда.


Іс-шара бүгін, 25 қыркүйек күні, Нұр Сұлтан қаласында өтуде. Форум модераторы - KAZENERGY Әйелдердің энергетикалық клубының төрағасы, Kazmortransflot UK Ltd қаржы директоры Айзада Аққайсиева. Атаулы шараға ҚТКФ корпоративтік мәселелер жөніндегі директоры А.Уалиева да қатысты.

Қазақтеңізкөлікфлотында бүгінгі таңда 41 әйел жұмыс істейді, бұл жалпы қызметкерлер санының 48%. Олардың алтауы жоғары және орта басшылық лауазымдарда.

Төрт әйел қазіргі заманғы көп функционалды MCV кемелерінің командалық құрамында жұмыс істейді. Олар «Барыс» MCV капитанының екінші көмекшісі Дана Култасова, «Сұңқар» MCV үшінші механигі Айдана Ғалым және «Бүркіт» пен «Сұңқардағы» екі аспазшы Сұлу Досчанова мен Жанат Ғалиева. Атап өтетін жәй, 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін 13 әйел ҚТКФ кемелерінде тәжірибеден өтті.

Қазақстанда теңіз мамандары Қазақстан-Британ техникалық университетінің жанындағы Қазақстан теңіз академиясында және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде білім алатындығы жөнінде бұрын да жазған болатынбыз. Құрылғанынан бері ҚТА 214 курсант қабылдады, олардың 60 – қыздар. Осы уақыт ішінде оқу орнынан түлектердің төрт ағыны даярлап шығарылды, олардың 21 – қыздар.

Теңізшілерді жақсы дәстүр бар. Еліне еңбегі сіңген, әйгілі әйел адамдар зауыттан жаңа жасалып шыққан кеменің кіндігін қию – алғашқы рәсімін өткізеді. Оларды кіндік аналары дейді. ҚТКФ кемелерінің кіндігін кескен аналардың қатарында Парламент депутаттары Гүлшара Әбдіқалықова, экс-депутаттар Светлана Ферхо мен Айткүл Самакова, Қазақстанның халық әртістері Айман Мұсақожаева, Жания Аубакирова және басқалардың болғанын біз мақтаныш етеміз. Кіндік аналардың суреттері кеме каюталарында ілулі тұрады, солайша олар адам әрқашан кемеде болады және теңізшілердің қорғап тұрады деген түсінік бар.

Естеріңізге сала кетейік, «Энергия саласындағы әйелдер көшбасшылығының заманауи бейнесі» Форумы KAZAKHSTAN ENERGY WEEK-2019 аясында өтті.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz