Қара және Жерорта теңіздеріндегі мұнай тасымалы туралы
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

Қара және Жерорта теңіздеріндегі мұнай тасымалы туралы

Қара және Жерорта теңіздеріндегі мұнай тасымалы туралы

| Жаңалықтар

1998 жылы құрылған «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК (ҚТКФ) теңіз ғылымы мен Каспийді игерудің қиын жолына кірісті.


Он жылдан кейін қазақстандық мұнайды Қара және Жерорта теңіздері арқылы тасымалдауды бастады. Осы мақсатта 2011 жылы әрқайсысының жүк көтергіштігі 115 мың тоннаны құрайтын екі Афрамакс типті «Алтай» және «Алатау» танкерлері сатып алынған болатын. 

Бәсекелестікке қарамастан, ҚТКФ жыл сайын ашық теңізде мұнай тасымалдау көлемін ұлғайтып келеді. Осы кезеңде Қара және Жерорта теңіздерінде 57 миллион тоннаға жуық мұнай тасымалданды.

2021 жылдың алғашқы төрт айында ашық теңіздерде 3 050 000 тонна мұнай тасымалданып, жоспар 186% орындалды. Мамыр айының өзінде (14.05.2021 жылғы жағдай бойынша) 4 айналым жасалып, 352 мың тонна мұнай тасымалданды, жоспар 191% орындалды.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz