ҚМГ-ның еншілес компаниясы – Қазақтеңізкөлікфлоты Маңғыстау облысының жұмыссыз азаматтарын оқытып, жұмысқа қабылдады.
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚМГ-ның еншілес компаниясы – Қазақтеңізкөлікфлоты Маңғыстау облысының жұмыссыз азаматтарын оқытып, жұмысқа қабылдады.

ҚМГ-ның еншілес компаниясы – Қазақтеңізкөлікфлоты Маңғыстау облысының жұмыссыз азаматтарын оқытып, жұмысқа қабылдады.

| Жаңалықтар

ҚМГ-ның еншілес компаниясы – Қазақтеңізкөлікфлоты Маңғыстау облысының жұмыссыз азаматтарын оқытып, жұмысқа қабылдады.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы (ҚТКФ) Маңғыстау облысының 12 жұмыссыз азаматын теңіз ісіне оқытып, жұмыспен қамтыды. Бастамаға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдау көрсетіп, Жұмысшы мамандыұтар жылы аясында, сондай-ақ теңіз мамандықтарын дәріптеу мақсатында іске асырылды.

Ірікте кезеңі биыл мамыр айында өтті. Содан кейін 12 үміткер «Marine Bolashak» мамандандырылған оқу орнына «теңізші» және «моторист» мамандықтары бойынша қысқа мерзімді курстарға жіберілді.

Оқуды аяқтап, емтихандарды сәтті тапсырып, барлық қажетті теңіз рұқсат құжаттарын алғаннан кейін 2025 жылдың 13 тамызынан бастап бағдарламаның 11 қатысушысы ҚТКФ-ның мұнай құю танкерлері мен контейнерлік кемелеріне жұмысқа қабылданды. Бір үміткер оқуын жалғастырып жатыр.

Тамыз айында 11 маманның алтауы вахтаға кетті, қалған 5 адам қыркүйек айында оларды ауыстырады.

Жалпы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өз қызметін жүргізетін өңірлерде жұмыспен қамтуға бағытталған бастамаларды белсенді іске асыруда.


© 2026 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)
Сайтты әзірлеу: arctika.kz