Жаңалықтар мен оқиғалар
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және комплаенс жүйесін дамыту мәселелері бойынша оқыту семинары өтті
2025 жылғы 9 қазанда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС кеңсесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тиімді комплаенс жүйесін қалыптастыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.
Іс-шара «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ішкі нормативтік құжаттары мен корпоративтік стандарттарына сәйкес ұйымдастырылды.
ҚТКФ басшылығы мен топ-менеджменті үшін оқытуды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Комплаенс қызметінің басшысы Гүлмира Жұмабайқызы Молдағалиева жүргізді.
Семинар барысында келесі негізгі тақырыптар қарастырылды:
1. комплаенс саласындағы нормативтік-құқықтық негіздер мен стандарттар;
2. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобының еншілес ұйымдарында комплаенс-функциясын енгізу және іске асыру тетіктері;
3. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Комплаенс қызметі тарапынан мониторинг және бақылау тәжірибесі;
4. комплаенс-қызметтің тәуелсіздігі мен есептілігі туралы мәселелер.
Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және оның практикалық бағыттылығын атап өтті.
Сондай-ақ адалдық мәдениетін қалыптастыру, этикалық нормаларды сақтау және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұл іс-шара «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС адалдықтың корпоративтік мәдениетін нығайту мен комплаенс жүйесін жетілдіру бағытындағы маңызды қадам болды.