Еңбек адамы
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

Еңбек адамы

Еңбек адамы

| Жаңалықтар

Еңбек адамы

Данияр Қапар – «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС-нің «Сұңқар» контейнер тасымалдаушы кемесінің капитанның екінші көмекшісі.

Данияр еңбек жолын теңізде матрос қызметінен бастап, табандылығы мен тәртібінің арқасында капитанның екінші көмекшісі лауазымына дейін көтерілді. Бүгінде оның міндеттеріне қауіпсіз кеме қатынасын ұйымдастыру, навигациялық жабдықтарды бақылау және вахта жүргізу кіреді.

Данияр қызмет ететін «Сұңқар» контейнер тасымалдаушы кемесі Ақтау – Алят – Ақтау бағыты бойынша қатынап, контейнерлік жүктерді, соның ішінде Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға транзитпен жеткізілетін жүктерді тасымалдайды. Кеме 350 жиырма футтық контейнерге дейін тасымалдау мүмкіндігіне ие және Транскаспий халықаралық көлік бағытының дамуына маңызды үлес қосып отыр.

– Күз мезгілінде Каспий теңізінде жиі дауылдар болады. Бұл, әрине, қорқынышты, бірақ сонымен бірге өте әсерлі. Әр сапар – табиғатпен нағыз күрес. Теңіз мамандығы үнемі дамуды, білімді және толық жауапкершілікті талап етеді. Мен бұл жолды таңдағаныма ешқашан өкінген емеспін, – дейді Д. Қапар.

Оның өмір жолы еңбекқорлық, табандылық және өз ісіне деген сүйіспеншілік табыс пен биік белестерге жетелейтінін айқын көрсетеді.
Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін жоғары бағалап, олардың күнделікті жұмысының нәтижелерімен мақтанамыз.


© 2026 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)
Сайтты әзірлеу: arctika.kz