Жаңалықтар мен оқиғалар
Ағымдағы жылғы қаңтардың 29-ы күні «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы) Айдар Есенжанұлы Оржанов Брюсссель қаласында өткізілген «ЕС - Global Gateway Орта Азия» атты көлік жөніндегі инвестициялық форумға қатысты.
Брюссель қаласында өткізілген форумның салтанатты ашылу рәсімінде серіктестік пен көлік қатынасында өзара байланысты Global Gateway бастамашылығы арқылы бекемдеуге екіжақты ниет танытудың растамасы ретінде Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Еурокомиссияның басқосулары тұрақты негізде өткізіліп отыратындығы айтылды. ҚР көлік министрі М.К. Қарабаев форумда Қазақстанның көлік саласында қол жеткізген жетістіктері мен даму перспективалары және Еуропа мен Орта Азия арасындағы жүк транзитінде еліміздің лайықты орын алып отырғаны туралы айтып өтті.
Форумның кезекті сессияларында Орта Азия мен Еуропа арасында транзит уақытын қысқартудың, сауда рәсімдерін жеңілдетудің бірден бір әдісі ретінде жерүсті көлік инфрақұрылымына, сондай-ақ сауда және инвестициялық әлеуетке айрықша назар аударылды. Аталмыш отырыс барысында көлік саласында іскерлік қатынастардың аясын кеңейту және дамыту, өзара тиімді жобаларды іске асыру үшін инвестиияларды тарту, көлік саласында ынтымақтастықты дамыту мәселелері және басқадай басым мәнге ие бағыттар талқыланды.