Жаңалықтар мен оқиғалар
Ағымдағы жылғы маусымның 15-інде Брюссель қаласында (Бельгия) Бельгия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің және «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» халықаралық қауымдастығының қолдауымен «Қазақстан және Еуропалық одақ арасында транзиттік-көліктік ынтымақтастықты дамыту: Транскаспий халықаралық көлік маршрутының даму перспективалары» тақырыбында Дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш іс-шараға қатысу басқадай мемлекеттер, атап айтқанда Еуропалық одақ құрамындағы елдер арасында цифрлық, экономикалық және көліктік-логистикалық қатынасты әлеуетті дамытудың кең мүмкіндіктерін берді.
Осы дөңгелек үстел қатысушылары арасында Еуропалық Парламент депутаттары, 10 астам халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕИБ, ЕЖДБ, ТЖЫҰ, ТМТМ, ТРАСЕКА, ВТамО және басқасы), сондай-ақ Еуропалық Одақтың темір жол қауымдастықтары, Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Бельгияның СІМ және ТХКМ ресми қатысушылары болды.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры А.Е.Оржанов сөйлеген сөзінде компанияның ағымдағы жұмысын, болашақ перспективаларын айтып кетті және ESG стратегиясының маңыздылығына баса назар аударды. Осы орайда ол компанияның әлеуметтік-экономикалық және корпоративтік жауапкершілікке барынша мүдделік танытып отырғанын, ал бұл тұрақты дамудың негізі болатынын айтты.
Дөңгелек үстел қорытындылары бойынша оның қатысушылары халықаралық дәлізді дамыту және көлік саласының қатысушылары арасында сұхбат жүргізу тұрақтылығы маңызды мәнге ие болады деп бірауыздан мәлімдеді.