«Altai» танкеріне қатысты жағдайға түсіндірме
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Altai» танкеріне қатысты жағдайға түсіндірме

«Altai» танкеріне қатысты жағдайға түсіндірме

| Жаңалықтар

Ресей Федерациясының Орталық энергетикалық кедені «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС флотының құрамындағы «Altai» танкерінің капитанына қатысты қылмыстық іс қозғады.


Қылмыстық іс Ресей азаматы болып табылатын танкер капитанының Ресей Федерациясынан (РФ Үкіметінің «Ресей Федерациясы Президентінің 2018 жылғы 22 қазандағы Жарлығын іске асыру бойынша шаралары туралы» 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 592 Қаулысы) Украина аумағына шығаруға тыйым салынған тауарларды тасып шығаруға байланысты бұзушылыққа жол беруіне қатысты қозғалды.

Осы орайда 2020 жылғы наурызда «Altai» танкері Export Blend Crude Oil сұрыпты (ресейлік емес) шикі мұнайды Новороссийск қаласының портынан Қара және Жерорта теңіздері бағытында тасып шығаруға жалға берілгенін атап өткен жөн.

Осы жүктердің сатушысы Socar Trading SA компаниясы жүктердің межелі бекеті Украинада орналасқан Оңтүстік порты арқылы транзитпен Беларусь Республикасы (коносаментке сәйкес соңғы алушы Беларусь мұнай компаниясының еншілес компаниясы BNK (UK) компаниясы болып табылады) деп хабарлады.

Осы орайда, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС өз меншігіндегі «Altai» танкері және оның қызметкерлері, соның ішінде танкер капитаны жүк маршрутына ешбір қатысы жоқ деп хабарлайды, өйткені осы жеткізілім фрахт шартының талаптарына сәйкес сатып алушы-компанияның мүддесінде жүзеге асырылды. 

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС баспасөз қызметі


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz