AD Ports Group компаниясымен жұмыс кездесу өтті
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

AD Ports Group компаниясымен жұмыс кездесу өтті

AD Ports Group компаниясымен жұмыс кездесу өтті

| Жаңалықтар

13 желтоқсан күні Дубай қаласында ҚазМұнайГаз және AD Ports Group өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.


Қазақстандық делегация құрамында ҚазМұнайГаз басқарма төрағасының орынбасары Б.Закиров., Қазақтеңікөлікфлоты бас директоры А. Оржанов және CIMS бас директоры Ш. Сүгірбеков болды. AD Ports Group тарапынан кездесуге Теңіз және кеме қатынасы кластерінің бас директоры капитан Аммар Аль Шейба және осы кластердің коммерциялық директоры Фридрих Портнер қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы - ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылау болды. Қатысушылар бірлескен жұмыстың қорытындыларын шығарып, алдағы жылға арналған негізгі даму бағыттарын айқындады.

Айта кетейік, ҚазМұнайГаз бен AD Ports Group арасындағы әріптестік нәтижесінде 2023 жылы Caspian Integrated Maritime Solutions (CIMS) бірлескен кәсіпорны құрылды. Осы ынтымақтастық аясында екі мұнай танкері сатып алынып, Қазақстанның Каспий теңізіндегі теңіз тасымалы саласындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz