Жаңалықтар мен оқиғалар
Танкерлерді сатып алу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық көмірсутек экспортының бағыттарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында іске асырылды.
Танкерлер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен AD Ports Group арасындағы ынтымақтастық аясында салынды және сатып алынды. Дедвейті 8000 тонна жаңа кемелердің иесі - «Caspian Integrated Maritime Solutions Ltd» бірлескен кәсіпорны. Бұл компанияның акционерлері - «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚМГ еншілес кәсіпорны) мен International Maritime Investments Ltd (ADP еншілес ұйымы).
Танкерлердің бірі Қазақстанның ежелгі шаһары - Тараз қаласының атымен аталса, екіншісіне БАӘ-дегі Liwa алқабының аты берілгенін атап өткен жөн.
Іс-шараның құрметті қонақтары - Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, БАӘ -нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Әл-Арики, AD Ports Group Басқарма Төрағасы Мұхаммед Джума Әл-Шамиси, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖШС Бас директоры Айдар Оржанов, «Caspian Integrated Maritime Solutions Ltd» бас директоры Шерхан Сүгірбеков және басқалар.
Дедвейті 8000 тонна «Taraz» және «Liwa» мұнай құю танкерлері нидерландық «Damen» концернінің верфінде салынған. Танкерлердің ұзындығы - 140 метр, ені - 16,7 метр, шөгуі - 4,2 метр, жылдамдығы - 10 түйін. Олар озық басқару жүйелерімен жабдықталған, жоғары техникалық мүмкіндіктерге ие, заман талабына сай болғандықтан берік әрі тиімді.