Жаңалықтар мен оқиғалар
24 қаңтарда Астана қаласында, "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ басқарма төрағасы А. Хасеновтың төрағалығымен операциялық тиімділікті арттыру жөніндегі кеңейтілген отырысы өтті.
"Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК " ЖШС Бас директоры Айдар Оржанов Ұлттық теңіз тасымалдаушысының 2024 жылғы жұмысының қорытындысын ұсынып, ҚТКФ биыл мұнай тасымалдау бойынша рекордқа қол жеткізгенін, Транскаспий бағыты шеңберінде жобаларды сәтті іске асырғанын және теңіз операцияларының қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударғанын атап өтті.
Сондай-ақ, А. Оржанов компанияның 2025 жылға арналған жоспарларын, соның ішінде өз флотымен мұнай тасымалдау үлесін ұлғайтуды, халықаралық маршруттардағы позицияларды нығайтуды және қазақстандық теңіз кадрларын даярлау бағдарламасын дамытуды атап өтті. Аталған оқу бағдарламасы 2025 жылы ҚБТУ қарасты Қазақстан теңіз академиясымен бірлесіп жүзеге асырылмақ. Бағдарлама отандық флоттың болашақ теңізшілерін оқу, жатақхана және стипендиямен қамтамасыз етеді.
Анықтама: 2011 жылы ҚТКФ теңіз саласының мамандарын даярлау бойынша бағдарламаны жүзеге асырған. Қазіргі таңда түлектер Каспий теңізінде және компанияның кеңсесінде еңбек етіп, Қазақстанның теңіз саласының дамуына елеулі үлес қосуда.