Жаңалықтар мен оқиғалар
2025 жылғы 18 қарашада Қытайдың Сиань қаласында Қытай–Еуропа теміржол экспресінің ынтымақтастық форумы (China-Europe Express Railway Cooperation Forum) өтті. Іс-шараны ҚХР Ұлттық даму және реформалар комитеті, ҚХР Көлік министрлігі және саланың жетекші ұйымдары ұйымдастырды.
Форум аясында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТҚКҚ» ЖШС бас директоры Бауыржан Мұратұлы ресми рәсімге қатысып, Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ) дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды. Қол қою Азия мен Еуропа елдері арасындағы логистикалық өзара байланыстарды күшейтуге және коридордың өткізу қабілетін арттыруға бағытталған.