1998 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС құрылды. Компанияның жалғыз қатысушысы - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

1998 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС құрылды. Компанияның жалғыз қатысушысы - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

1998 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС құрылды. Компанияның жалғыз қатысушысы - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

| Жаңалықтар

Қазақтеңізкөлікфлоты құрылған сәттен бастап Каспий теңізінің акваториясы мен ашық теңіздерде қауіпсіз әрі сенімді теңіз тасымалын қамтамасыз ете отырып, ұлттық теңіз сауда флотын дамытуда маңызды рөл атқарады.


2011 жылы компанияға ҚР Ұлттық теңіз тасымалдаушысы мәртебесі берілді. Бүгінде Қазақтеңізкөлікфлоты 15 кемеден тұратын заманауи флотты басқарады. Былтыр компания флоты Taraz және Liwa мұнай тасымалдау танкерлерімен толығып, бүгінде Каспий теңізінде табысты пайдалануда.

Қазақтеңізкөлікфлоты құрылған уақыттан бастап Каспий теңізінде 108 млн тоннадан астам мұнай және ашық теңіздерде 92 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды. Контейнер айналымы 102 мың ЖФЭ-ден (жиырма футтық эквивалент) асады, ал құрғақ жүктердің жүк айналымы - 700 мың тоннаға жуық.

Қазақтеңізкөлікфлоты Қазақстан мұнайын экспорттаудың баламалы бағыттарын дамытуға, шетел әріптестерімен инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға және еліміздің теңіз сауда флотын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруда елеулі табыстарға қол жеткізді.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz