Білімі туралы мәліметтер
- Бундесвер Әскери-теңіз академиясы (ГФР, Фленсбург қ.), кеме жүргізу факультеті – инженер, бакалавр (2004–2008 жж.).
- У.А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясы, «Құқықтану» мамандығы, бакалавр (2015–2017 жж.).
- Бундесвер Бас штабы академиясы (ГФР, Гамбург қ.), «Бітімгершілік контингенттерді басқару» мамандығы бойынша магистр (2016–2018 жж.).
- Алматы Менеджмент Университеті (ALMAU), Бизнес жоғары мектебі, MBA бағдарламасы – іскерлік әкімшілендіру магистрі (2023–2025 жж.).
Жұмыс тәжірибесі:
- Штурмандық жауынгерлік бөлімшенің командирі, ӘТК Әскери-теңіз базасының әртүрлі кемелер дивизионы (2008–2009 жж.).
- Штабтың флагмандық маманы (штурмандық және гидрографиялық қамтамасыз ету), ӘТК Әскери-теңіз базасы (2009–2011 жж.).
- Штабтың жедел бөлімінің аға офицері (2011 ж.).
- Штабтың жұмылдыру және жасақтау бөлімінің бастығы (2011–2012 жж.).
- ӘТК Бас қолбасшысы басқармасы Бас штабының жедел бөлімінің аға офицері (2012 ж.).
- «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кемесінің командирі (2012–2015 жж.).
- ҚР Қорғаныс министрлігі, әскери-техникалық саясат департаменті, екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастық басқармасының аға офицері (2015–2016 жж.).
- Бундесвер Бас штабы академиясының адъюнкті, Гамбург қ. (2016–2018 жж.).
- Әртүрлі кемелер дивизионының командирі, ӘТК Әскери-теңіз базасы (2018–2020 жж.).
- Әскери-теңіз базасы командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары (2020–2022 жж.).
- Әскери-теңіз базасының командирі – ӘТК Бас қолбасшысының орынбасары (2022–2025 жж.).
- «FSSA» ЖШС, теңіз логистикасы жөніндегі менеджер (2025 ж.)
- «KMG Systems&Services» ЖШС Бас директордың орынбасары (2025 ж.).
Марапаттары мен алғыстары:
Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, жоғары кәсібилігі және Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерін дамытуға қосқан үлесі үшін бірнеше рет ведомстволық және мемлекеттік наградалармен, грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталған.