«Ырғыз» сүйреткішін бербоут-чартерге қабылдап алу-тапсыруға түзіп жасалған актіге тараптар қол қойды
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Ырғыз» сүйреткішін бербоут-чартерге қабылдап алу-тапсыруға түзіп жасалған актіге тараптар қол қойды

«Ырғыз» сүйреткішін бербоут-чартерге қабылдап алу-тапсыруға түзіп жасалған актіге тараптар қол қойды

| Жаңалықтар

Ағымдағы жылғы 23 қаңтарда қазақстандық сүйреткіштерді жалға беруге жасасқан үш жылдық келісім шарт шеңберінде «Қазақтеңізкөлікфлоты» және «OFCO Offshore International» арасында үшінші сүйреткіш – «Ырғызды» мерзімі 3 жылға бербоут-чартерге беруге ресімделген актіге тараптар қол қойды.


Сүйреткіштерді жалға беру «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық кеме қатынасы компаниясына Парсы шығанағының сервистік теңіз қызметтерінің нарығына шығу, кірістерді арттыру және әлемдік теңіз саласында жаңа тәжірибе жинау мүмкіндігін береді.

Бұдан бұрын «Талас» және «Ембі» сүйреткіштері қазақстандық экипажбен Каспий теңізінен Ресей су жолдары, Суэцк каналы және Аденский шығанағы арқылы 5 мың теңіз милін немесе 9,5 мың км қашықтықты 52 күнде жүзіп өтіп, Парсы шығанағында пайдаланылды.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz