Жаңалықтар мен оқиғалар
2023 жылғы қыркүйектің 28-і, 29-ы күндері Ақтау қаласында Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту жөніндегі Жұмыс тобының отырысы және «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» халықаралық қауымдастығы» ЗТБ жалпы отырысы өтті.
Отырыс барысында фидерлік кемелерді пайдалану арқылы ТХКМ маршруты бойынша контейнерлік пойыздар құрамында жүк тасымалын ұйымдастыру кезінде өзара іс-қимыл жасау және жауапкершілік шаралары туралы Келісім және Каспий теңізінің порттары арасында (Ақтау, Баку, Алят) тікелей халықаралық темір жол-су қатынастарында фидерлік кемелердің қатысуымен контейнерлік тасымалды ұйымдастыру туралы Келісім жасасты және тараптар оған қол қойды. Аталмыш отырыс «Ақтау теңіз сауда порты» АҚ 60 жылдығына орайластырылды.
Осы іс-шараларға ҚТКФ атынан Бас директор (Басқарма төрағасы) Айдар Есенжанұлы Оржанов, коммерциялық директордың міндетін атқарушы Тұрлан Дүйсешұлы Медина және Флотты коммерциялық пайдалану қызметінің басшысы Алмас Сәрсенбайұлы Сәрсенбаев қатысты.