Жаңалықтар мен оқиғалар
"Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК жұмысы бұрынғы тұрақты режимде жүргізілуде. Төтенше жағдай кезі басталысымен (15.03.2020 ж.) қазақстандық теңіз флоты барлық алдын-алу шараларын сақтай отырып, үздіксіз тасымалдауды жалғастыруда.
Кеме экипаждары адамдардың шектеулі санымен байланыса отырып, қауіпсіздік ережелері бойынша қатаң жұмыс істейді. Кемелерде капитандардың аға көмекшілері экипаждың температурасын күніне екі рет өлшейді.
Осы кезеңде "Түркістан" фидерлік кемесі "Ақтау порты - Алят порты (Баку) - Ақтау порты" бағыты бойынша 4 айналма рейс жасады. 661 контейнер және жиырма футты эквивалентте (ДФЭ) 883 бірлік тасымалданды.
Оның ішінде:
- Ақтау портынан - 635 ДФЭ
- Алят портынан (Баку) - 248 ДФЭ.