ТХКМ құрамына кіретін «Ақтау-Баку-Ақтау» маршруты бойынша тұрақты фидер желісінің іске қосылғанына екі жыл толды
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

ТХКМ құрамына кіретін «Ақтау-Баку-Ақтау» маршруты бойынша тұрақты фидер желісінің іске қосылғанына екі жыл толды

ТХКМ құрамына кіретін «Ақтау-Баку-Ақтау» маршруты бойынша тұрақты фидер желісінің іске қосылғанына екі жыл толды

| Жаңалықтар

Бүгін, 16 сәуірде, Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (бұдан әрі - ТХКМ) бөлігі болып табылатын Ақтау-Баку-Ақтау бағыты бойынша тұрақты фидер желісінің іске қосылғанына 2 жыл толды. Бағыт «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша іске қосылған болатын.


«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК осы фидер желісінің теңіз операторы болып табылады. Фидер желісі жұмыс істей бастағаннан бері жиырма футтық эквиваленттегі (ЖФЭ) 25 145 контейнер тасымалданды. Оның ішінде Ақтау портынан - 17 613 ЖФЭ және 7 532 ЖФЭ - Баку портынан.

Жүк негізінен дәнді дақылдардан, жемістер мен көкөністерден, халық тұтынатын тауарлардан, машиналар мен қосалқы бөлшектерден, мұздатылған өнімдерден, химиялық және минералды тыңайтқыштардан және басқалардан тұрады.

Фидер желісі іске қосылғалы оған компанияның «Түркістан» мен «Бекет Ата» құрғақ жүк тасымалдау кемелері және қайта жабдықталған «Барыс» кемесі тартылды. 2021 жылдың 8 наурызынан бері желінің негізгі кемесі болып «Барыс» контейнерлік кемесі белгіленді. Фидер кемелері барлығы 227 айналым жасады.

ТХКМ фидер желісі іске қосылғаннан бері екі бағытта жүк тасымалдау көлемі біртіндеп артып келеді және бүгінгі таңда ең жоғары көрсеткіштерге жетіп отыр. 2020 жылдың желтоқсанынан бастап тұрақты Анкара-Сиань пойызы жөнелтілуде, ол ТХКМ бүкіл маршруттарының үдере дамуына оң септігін тигізуде.

Фидерлік маршруттың екі жылдық сәтті жұмысынан кейін біз Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға үлес қосу секілді басты мақсатқа қол жеткізілді деп сеніммен айта аламыз.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz