Жаңалықтар мен оқиғалар
Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні құтты болсын!
Бүгін Қазақстанда теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі алғаш рет аталып өтуде.
«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы құрылымында теңізбен тасымалдау саласындағы негізгі компания – «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС. Кәсіпорын 25 жылдан аса Каспий, Қара және Жерорта теңіздерінде Қазақстан мұнайының тасымалын қамтамасыз етіп келеді.
Қазақтеңізкөлікфлоты құрылған сәттен бері Каспий теңізінде шамамен 110 млн тонна мұнай және ашық теңіздерде шамамен 100 млн тонна мұнай тасымалдады. 2019 жылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізі іске қосылғалы жиырма футтық эквивалентте 140 мыңнан астам контейнер және 830 мың тоннадан астам құрғақ жүк жеткізді.
Қазіргі кезде Қазақтеңізкөлікфлоты 15 кемеден тұратын заманауи флотты басқарады.
2025 жылы AD Ports Group-пен бірлесіп жаңа контейнерлік кемелер салу бойынша жобалар қолға алынды, сондай-ақ танкерлер пулын «Афрамакс» үлгісіндегі жаңа кемелермен толықтыру жоспарда.
Биыл кәсіпорын ҚБТУ жанындағы Теңіз академиясымен бірлесіп, болашақ кеме жүргізушілері мен кеме механиктері үшін білім беру бағдарламасын іске қосты. Студенттердің оқу ақысын, шәкіртақы мен жатақханада тұру шығынын компания өзі қамтамасыз етеді.