Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасын қолдай отырып, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ұжымы еріктілер ретінде қайырымдылық акцияға қатысты
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасын қолдай отырып, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ұжымы еріктілер ретінде қайырымдылық акцияға қатысты

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасын қолдай отырып, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ұжымы еріктілер ретінде қайырымдылық акцияға қатысты

| Жаңалықтар

Баршаға белгілі, 2020 жылдың басынан бастап Қазақстанда «Еріктілер жылы» басталды.


10.12.2019ж. Нұр-Сұлтан қаласында жастардың қатысуымен өткен іс-шарада Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев мемлекеттік аппарат қызметкерлері мен ұлттық компаниялардың қызметкерлерін адамдарға көмек көрсетуге бірнеше сағаттарын тегін арнауға шақырды. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ұжымы Мемлекет басшысының бұл бастамасын бірауыздан қолдады.

Маңғыстауда белсенді еріктілер қозғалысымен айналысатын ұйымдардың бірі – «Біз адамдарбыз - біз біргеміз» ҚҚ. Қор ерікті негізде апта сайын Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының жалғыз басты зейнеткерлері мен мүгедектері үшін тегін ыстық тамақ таратады.

14.12.2019ж. акцияға бірнеше ҚТКФ қызметкері қатысқан болатын. Биыл, 18 қаңтарда өткен қайырымдылық шараға ҚТКФ қызметкерлері азық-түлікті жеткізуге көмектесіп, тағы да атсалыса қатысты.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz