Жаңалықтар мен оқиғалар
Маңғыстау облысында Құрық портының аумағында жұмыс іссапарымен болған премьер-министр С.М.Жұманғарин теңіз сауда флотының қызметімен танысты.
ҚТКФ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Айдар Оржанов ҚТКФ операциялық қызметі, негізгі қызмет көрсеткіштері, Компанияның стратегиялық мақсаттары мен жоспарлары туралы айтып өтті. Ол саланың дамуына, соның ішінде порттарды жаңғыртуға, отандық флоттың бірлік санын ұлғайтуға және сенімді инвесторларды тартуға айрықша көңіл бөлініп отырғанына баса назар аударды.
Кездесу барысында Серік Мақашұлы теңіз саласының барлық басшыларына алғыс білдірді.