Маңғыстау өңіріндегі ҚазМұнайГаздың теңіз арқылы мұнай тасымалдайтын еншілес компаниясының ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдады
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

Маңғыстау өңіріндегі ҚазМұнайГаздың теңіз арқылы мұнай тасымалдайтын еншілес компаниясының ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдады

Маңғыстау өңіріндегі ҚазМұнайГаздың теңіз арқылы мұнай тасымалдайтын еншілес компаниясының ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдады

| Жаңалықтар

Маңғыстау облысында орналасқан «Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖШС-де жаңа Конституция жобасы талқыланды.

Жиынға жалпыұлттық коалицияның мүшелері компания қызметкерлеріне Конституция жобасының негізгі ерекшеліктері мен маңызын кеңінен таныстырды.

Қатысушылар Ата заңға енгізілетін өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

— Бұл — үлкен өзгеріс. Конституцияның 80 пайыздан астамы жаңарады. Сондықтан біз оны жаңа Конституция деп қабылдап отырмыз. Заман талабына сай қоғам да, адам да өзгеруде, цифрландыру үдерісі қарқын алды. Мұның бәрі жаңа Конституция қабылдауға негіз болып отыр. Қызметкерлер өз ойларын ортаға салып, референдумды қолдайтынын айтты. Өз басым бұл өзгерістерді оң қадам деп есептеймін, — деді жалпыұлттық коалицияның мүшесі Нұри Тумышев.

Кездесу барысында заң үстемдігін нығайту, әділетті қоғам қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар компания қызметкерлері өздерін толғандырған сауалын қойып, ұсыныс-пікірімен бөлісті.

Компания қызметкері Ертілек Ғали референдумға қатысудың маңызын атап өтті.

— Барша азаматты референдумға қатысуға, елдің жаңаруына үлес қосуға шақырамын. Бұл өзгерістер, әсіресе, жастар саясатына оң әсер етеді деп сенемін, — деді ол.


© 2026 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)
Сайтты әзірлеу: arctika.kz