Жаңалықтар мен оқиғалар
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС 9–11 желтоқсан аралығында Ақтау қаласында өткен 2025 жылғы 5-ші Каспий порттары мен логистика көрмесіне қатысты. Екі күндік конференция бағдарламасы барысында 30 халықаралық спикер Каспий өңірінің көлік-логистика инфрақұрылымын дамытудағы өзекті мәселелер мен сын-тегеуріндерді талқылады.
Конференцияда Бас директор (Басқарма төрағасы) Бауыржан Мұратұлы сөз сөйлеп, КМТФ қызметінің негізгі бағыттары мен компанияның болашақ жоспарларын таныстырды.
Көрмеде КМТФ стенді ұсынылып, компания делегаттары іс-шараға қатысушылармен кездесіп, салалық әріптестерді компанияның қызметімен таныстырды.
