Жаңалықтар мен оқиғалар
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚТКФ) 2025 жыл бойы ерекше балаларды қолдауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Мейірімді қақпақтар» қайырымдылық-экологиялық акциясына қатысты. Аталған акцияны «Жасыл мектеп Taza.likee» қоғамдық қоры төртінші жыл қатарынан жүзеге асырып келеді.
Пластикалық қақпақтарды жинау және оларды қайта өңдеуге тұрақты түрде тапсыру жұмыстарын Қазақтеңізкөлікфлотының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аға инженері Әлібекова Жадыра Ахметжанқызы үйлестіреді. Оның бастамасы мен ҚТКФ қызметкерлерінің белсенділігінің арқасында акция жүйелі сипат алып, компанияның күнделікті экологиялық тәжірибесіне енді.
«Мейірімді қақпақтар» қайырымдылық-экологиялық акциясының 2025 жылғы қорытындысы бойынша 1 275,7 кг пластикалық қақпақ жиналды. Қайта өңдеу нәтижесінде түскен қаражат «Ана махаббаты қоғамдық қоры» арқылы ерекше балаларды қолдауға бағытталды.
ҚТКФ экологиялық бастамаға қатысқан барлық қызметкерлерге шынайы алғыс білдіреді және аталған жобаны алдағы уақытта да қолдауға шақырады.
