Жаңалықтар мен оқиғалар
Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбайдың жарлығымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Қазақтеңізкөлікфлоты компаниясының қызметкері Серікұлы Айдын алғыс хатпен марапатталды.
Серікұлы Айдын өзінің теңіз саласындағы еңбек жолын 2015 жылы бастады. Қазақтеңізкөлікфлотының қолдауымен жүзеге асырылған оқу бағдарламасының 2015 жылғы легі түлегі.
Сонымен қатар, жастар саясатының белсенді мүшесі Ғали Ертілек Еркінұлы Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы М.Оралбайдың өндірістік мекемелер арасындағы жас мамандар жұмысын ұйымдастырудағы белсенді қатысуы үшін алғыс хатпен марапатталды.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, жұмыстарына сәттілік пен табыс тілейміз!