Жаңалықтар мен оқиғалар
ҚТКФ ағымдағы жылғы 4 наурызда «Таза жағалау» атында өткізілген науқанға белсенді қатысты.
Аталмыш науқанды өткізуге бастамашы әрі ұйымдастырушы Ақтау қаласының көптеген ұйымдары мен жеке тұлғаларының қолдауымен «Aktau Off Road Club" клубы болды.
Іс-шара барысында Ақтау қаласы тұрғындары мен қонақтарының сүйсініп демалу орнына айналған Каспий теңізі жағалауының «43 километр» учаскесі тұрмыстық қоқыстан тазалап-жиналды. Барлығы 500 қаптан астам қатты тұрмыстық қалдықтар мен металл қалдықтары жиналып, тасып шығарылды. Науқан мақсаты Каспий теңізінің жағалауын ғана тазалап қоймай, жұртшылықтың қоршаған ортаның ластану проблемасына назарын аудару және Маңғыстау табиғатына ұқыпты қараудың үгіт-насихатын жүргізу болды.
Орайы келгенде, "Aktau Off Road Club" клубына қоршаған ортаны және туған өлкеміздің экологиясын қорғауға бағытталған бастамашылығы үшін алғыс жариялаймыз.