Жаңалықтар мен оқиғалар
Қатты су тасқыны салдарынан батыс өңірлердің көптеген тұрғындары, соның ішінде Ақтау қаласына да эвакуацияланды.
Бірігіп, кеме қатынасы компаниясының қызметкерлері мен экипаж мүшелері эвакуациаланған адамдарға гигиеналық құралдарды, тұрмыстық тауарларды, қажетті заттарды және сәбилерге арналған азық-түлік сатып алды. Жастар кеңесі жиналған гуманитарлық көмекті 6 шағын аудандағы қаражат бөлу орталығына жеткізді.
Теңіз жабдықтары мен гуманитарлық көмектен басқа, Қазақтеңізкөлікфлоты Баку-Ақтау бағыты бойынша гуманитарлық көмекті тегін тасымалдау туралы хабарлайды. Қажет болған жағдайда су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге жөнелтілетін контейнерлердегі барлық Жүктер Баку портынан Ақтау портына өтеусіз негізде жеткізілетін болады.
Қажетті ақпаратты алу үшін жөнелтушілер +7 702 999 1737, +7 701 289 6999 телефондары бойынша "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК " ЖШС тікелей жүгіне алады.