Жаңалықтар мен оқиғалар
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында «Қазақтеңізкөлікфлотында» компанияның Бас директоры Айдар Оржановтың Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің өкілдерімен кездесуі өтті.
Екінші хатшы - Елшілік консулы Джейми Ле Блан-Хэдли мен экономикалық мәселелер бойынша маман Карима Ахметованың сапарының мақсаты Қазақстан мен АҚШ компаниялары арасындағы теңіз сауда көлігі саласындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуды талқылау болды.
Қонақтар компанияның тарихымен, өндірістік қызметімен және даму жоспарларымен танысып, Қазақтеңізкөлікфлотының жетістіктеріне қанағаттанғандарын және қонақжайлығы үшін алғыстарын білдірді.