Жаңалықтар мен оқиғалар
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК (бұдан әрі - ҚТКФ) Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.
Биылғы мереке Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Маңғыстау мұнайының 60 жылдық меркесімен тұспа-тұс келіп отыр.
ҚТКФ басшысы өз сөзінде «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының құрылған күнінен бастап еліміздің егемендігі жарияланған жылдары 135 млн тоннадан артық мұнай тасымалданды. Біздің компания ірі отандық және әлемдік компанияларға қызмет көрсетеді және мұнай саласының көптеген маңызды жобаларының қатысушысы болып табылады. Тасымал қауіпсіздігінің халықаралық талаптарына сәйкес болуды қамтамасыз ететін нағыз заманауи флот пен техниканы қолдануда», - деп атап өтті.
Сонымен қатар ҚТКФ Бас директоры білікті мамандардың бірлесе атқарған жұмысына, Жалғыз қатысушы - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жан-жақты қолдау көрсетуіне, компаниямыздың серіктестіктері мен сала ардагерлеріне атқарып отырған ортақ істі дамытуға қосқан сүбелі үлестері үшін алғыс білдірді. Жылдар бойы жинаған тәжірибелер бен құзырлықтар, шеберлік, салада қалыптасқан әдет-ғұрыптар компанияны одан әрі дамытудың берік негізін қалайды және алға қойған міндеттерге қол жеткізуде сенімді болуымызға шүбә келтірмейді деген сенім білдірді.
Шара барысында елеулі еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерге кәсіби мереке аясында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, сондай «KAZENERGY» Қауымдастығы мен «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік жүргізушілері Одағының марапаттары табыс етілді. Олардың қатарында заң департаментінің директоры Ж. Мұхамеджанов, еңбекті қорғау, экология және сапа департаментінің директоры Б.Қайболдиев, қызметкерлер құрамын басқару департаментінің аға маманы А. Тілекова, теңізде жүзу қауіпсіздігі департаментінің диспетчері Е. Бақбергенов, Бизнесті дамыту департаментінің аға маманы И.Бойцун, заң департаментінің жетекші маманы Е. Мырзаханов, сатып алулар және жергілікті қамтылым департаментінің директоры С.Авакян, құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар департаментінің аға маманы Р.Алиев, флотты коммерциялық пайдалану департаментінің аға маманы А.Маштаков, корпоративті мәселелер тобының жетекшісі С.Сағатұлы, құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар департаментінің жетекші маманы В.Ким, теңізде жүзу қауіпсіздігі департаментінің капитан-тәлімгері А.Отузов, флотты техникалық пайдалану департаментінің аға маманы Е.Бектемиров, флотты техникалық пайдалану департаментінің директоры Н.Жұмаев, бизнесті дамыту департаментінің жетекші маманы Т.Рамазанов, теңізде жүзу қауіпсіздігі департаментінің директоры М.Манов болды.