Жаңалықтар мен оқиғалар
2019 жылғы 17-26 шілде аралығында ҚТКФ-да өткен «Қағазға екінші өмір сыйла!» акциясының қорытындысы жарияланды.
Акция барысында ҚТКФ қызметкерлері 400 кг-нан астам қағаз қалдықтарын жинады.
- Іс-шараның қорытындысы бойынша 4-орынды Жанар Нүсіпова иеленді. Ол 23,5 кг макулатура жинады.
- Үшінші орынды Олеся Краснова (111 кг) иеленді.
- Екінші орында - қайталама шикізатты жинау орнына 138,5 кг қағаз тапсырған Айгүл Улықпанова.
- Ең көп – 145,2 келі жинаған Наурызбек Оңайбаев болды.
Атаулы қорытындыны негізге ала отырып, жеті ағаш кесуден құтқарылды десек те болады. Барлық жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды.
Жиналған қағаз салмағын қоршаған ортаны қорғау қызметінің өкілдері таразылады. Акция Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамыту Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында өткізілді.